Қоғам

12 өңірде 1 850 орындық оңалту орталықтары салынып жатыр

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған заманауи оңалту орталықтарының желісі кеңейіп келеді. Бұл орталықтар кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді. Мұндай инфрақұрылымды дамыту Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта еліміздің 12 өңірінде әрқайсысы 150 орынға есептелген оңалту орталықтарын салу бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. Жаңа нысандар оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, кезекті күту уақытын қысқартуға және қолдауға мұқтаж азаматтарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Соңғы үш жылда елімізде алты жаңа оңалту орталығы пайдалануға берілді:

  • 2023 жылы – Семей және Тараз қалаларында;
  • 2024 жылы – Кентау және Орал қалаларында;
  • 2026 жылы – Атырау және Астана қалаларында.

Жаңа оңалту орталықтарын құру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. 2027 жылдың соңына дейін Шымкент, Талдықорған, Көкшетау және Ақтөбе қалаларында төрт нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.

Көп оқылғандар