Сурет: Egemen Qazaqstan
10 шілдеге арналған ауа райы болжамы бойынша еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік облыстарда ауа температурасы +40…+42°C-қа дейін жетеді. Сондай-ақ, бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады деп күтілуде. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.
Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болады деп болжануда.
Аптап ыстық Алматы, Астана, Шымкент, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Қостанай және басқа да қалаларды қамтиды.
Мазмұнға өту
