Қоғам

1 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Сурет: istockphoto.com

«Қазгидромет» 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Күздің алғашқы күнінде еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендеп, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Бірқатар облыста жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +2…+4°C, топырақ бетінде үсік, күндіз +12…+14°C.

Алматыда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 15 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.

Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20°C, күндіз +24…+26°C.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде +5…+7°C, күндіз +23…+25°C.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +11…+13°C, күндіз +27…+29°C.

Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.

Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-18 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C.

Көкшетауда жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C.

Қонаевта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +15…+17°C, күндіз +22…+24°C.

Қостанайда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +14…+16°C.

Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°C, күндіз +24…+26°C.

Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +3…+5°C, топырақ бетінде үсік күтіледі. Күндіз +14…+16°C.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.

Семейде жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Түнде +3…+5°C, күндіз +18…+20°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.

Таразда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +13…+15°C, күндіз +24…+26°C.

Түркістанда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.

Оралда жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты. Түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C.

Өскеменде жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде +4…+6°C, күндіз +16…+18°C.

Көп оқылғандар