Сурет: istockphoto.com
«Қазгидромет» мамандары 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегінше, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік және орталық аймақтарда ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде жер бетіне қырау түсуі ықтимал. Сондай-ақ бірнеше өңірде жел күшейеді.
Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, ал екпіні 20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа +12…+14°C-қа дейін жылынады. Алматыда да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C болады. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. Ауа түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C-қа дейін көтеріледі.
Батыс өңірлерде күн салыстырмалы түрде жылы болады. Ақтауда күндіз +24…+26°C, Атырау мен Оралда +27…+29°C күтіледі. Ақтөбеде ауа температурасы +23…+25°C аралығында болады.
Қарағандыда түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Көкшетау, Қостанай және Павлодарда жаңбыр жаууы мүмкін, жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.
Таразда күндіз +24…+26°C, Түркістанда +25…+27°C, Талдықорғанда +23…+25°C деңгейінде болады деп болжанады. Қызылордада күн ашық болып, ауа +24…+26°C-қа дейін жылынады.
Жезқазғанда +20…+22°C, Семейде +18…+20°C, Өскеменде +16…+18°C күтіледі. Петропавлда ауа райы түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C болады. Павлодарда жаңбыр мен найзағай болжанып, түнде жер бетіне қырау түсуі мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер күз мезгіліне арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын.
