Сурет: Aikyn.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол жұптық сында словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетуде. Ширек финалда қазақстандық-словениялық жұп аустралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборнға қарсы кортқа шықты.
Кездесу екі сетке созылып, Жібек Құламбаева мен Вероника Эрьявец 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Енді финал жолдамасы үшін олар америкалық Рашида Макаду мен Анна Роджерспен кездеседі.
Мазмұнға өту
