Сурет: istockphoto.com
Кембридж университетінің ғалымдары жасанды интеллект көмегімен әзірленген вакцинаны алғаш рет адамдарға сынақтан өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Вакцина SARS-CoV-2, SARS вирусы және жануарлар коронавирустарына қарсы бағытталған. Оның негізгі компоненті — вирустардың генетикалық деректерін талдау арқылы жасалған «суперантиген».
Кембридж бен Саутгемптон қалаларында өткен клиникалық сынаққа 39 ерікті қатысты. Ғалымдар вакцинаның барлық дозада сәтті енгізілгенін және қауіпсіздік тұрғысынан елеулі проблема анықталмағанын айтады.
Зерттеушілер вакцина әлі толық дайын емес екенін, алдағы уақытта ауқымды сынақтар жүргізу жоспарланғанын мәлімдеді. Мамандар бұл технология болашақта жаңа вирустарға қарсы вакцинаны жылдам әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

