Қоғам

Жәнібек ауданындағы Шекара басқармасының әскери қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы кездесу өтті

Жәнібек ауданындағы жұмыс сапары аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы М.Байсаловтың қатысуымен Жәнібек ауданы бойынша Шекара басқармасының әскери қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Іс-шараға Жәнібек ауданының әкімі Т.Шиниязов, Жәнібек ауданы бойынша Шекара басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Ғ.Қадырханов, сондай-ақ шекара қызметінің әскери қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері, мүдделер қақтығысын болдырмау, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, «Адал азамат» қағидатын ілгерілету және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов мемлекеттік қызметтің барлық саласында заңдылықты сақтау, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстану мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімді арттырудың негізгі кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу тек заң талаптарын сақтаумен ғана шектелмей, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі мен жоғары құқықтық мәдениетіне тікелей байланысты екеніне тоқталды.

Кездесу аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру мен адалдық қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Көп оқылғандар