Categories Жайық news

Зейнеткер келіншекке пышақ сұққан

Атырауда 73 жастағы зейнеткер келіншекке пышақ сұққан, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оқиға қаладағы  Геолог ықшам ауданында болған. Қылмысқа өзара туындаған жанжал себеп болуы мүмкін, дейді сақшылар. Қазір 59 жастағы әйел адам ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Ол дәрігер бақылауында. Құзырлы орган мәліметінше,  адам өлтіруге оқталған қарт кісі  жәбірленушінің туысы екен. Қазір оны полция қамауға алды. Оқиғаның жәй-жапсарын полиция анықтауға кірісті.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Аталған дерек бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бағытында тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде» дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…