Categories Жайық news

Украина майданда Германияның жаңа дрондарын жаппай қолдана бастады: Оларды неге «шағын Taurus» деп атайды?

Украина Қарулы күштері майданда Германияның Helsing компаниясы жасап шығарған HX-2 соққы беруші дрондарын жаппай қолдана бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты украиналық БАҚ ресейшіл «Разработчик БПЛА» Telegram-арнасына сілтеме жасап таратты. Арнаның хабарлауынша, жаңа неміс дрондары Украинаның шығысындағы майданның бірнеше бағытында бірден байқалған.

«Бірнеше учаскеге бірден топтасып кірді. Салыстырмалы түрдегі тыл аудандарындағы жөндеу бригадалары мен жол желілерін монтаждаушыларға соққы беріп жатыр», – делінген арна жазбасында.

Сонымен қатар, арна дронның атып түсірілген қалдықтарының суретін жариялаған. Ондағы сипаттамаға сәйкес, бұл дрон нысанаға қалықтап келіп соққы беретіндіктен, оның дыбысы естілмейді. Сондай-ақ ол нысанаға дәлдеу жүйесімен жабдықталған және шабуыл алдында бейне таратқышын өшіріп тастайды.

Бұған дейін Украинада HX-2 дрондарының жаппай қолданылғаны туралы хабарланбаған еді. «Мілітарний» порталының жазуынша, жасанды интеллект арқасында бұл дрондар жоғары деңгейде автономды жұмыс істейді және топ болып шабуылдай алады. Олардың жарылғыш бөлігінің салмағы бірнеше келіге жетеді.

БАҚ бұл дрондарды Германиядан жеткізілуі тиіс, бірақ әлі берілмеген TAURUS қанатты зымырандарына ұқсастырып, «шағын Taurus» деп атап кеткен. Өндірушінің сайтында дрондардың ұшу қашықтығы 100 шақырымды құрайтыны және жасанды интеллектінің көмегімен радиоэлектронды күрес (РЭК) құралдарына төтеп бере алатыны жазылған.

Алайда, осы жылдың қаңтарында Bloomberg агенттігі Украинаның бұл дрондарды сатып алудан бас тартқанын хабарлаған болатын. Оған далалық сынақтар кезінде анықталған техникалық ақаулар себеп болған. Атап айтқанда, ұшыру кезінде дрон кедергілерге ұшырап, оператормен байланысты жоғалтып алған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…