Сурет: Report
Венесуэладағы жойқын жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар саны 3 899 адамға жетті. Тағы 16 740 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді. Оның айтуынша, гуманитарлық көмек 86 794 отбасына жеткізіліп, 16 892 отбасы 89 уақытша орналастыру лагеріне жайғастырылған.
АҚШ-тың Каракастағы елшілігі америкалық гуманитарлық көмектің Венесуэланың 30 мыңнан астам тұрғынына көрсетілгенін хабарлады. Көмек Global Empowerment Mission (GEM) бағдарламасы аясында таратылуда.
Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы (ПАДҰ) елдегі жағдайдың әлі де төтенше күйде екенін мәлімдеді. Ұйымның бағалауынша, табиғи апаттың салдарын жою үшін 24 миллион доллар қажет, бірақ әзірге шамамен 9 миллион доллар ғана жұмылдырылған.
ПАДҰ директоры Жарбас Барбозаның айтуынша, қазіргі негізгі қауіптер — медициналық көмектің үзілуі, таза ауызсудың тапшылығы, уақытша паналау орындарының шамадан тыс толуы және вакцинацияны жалғастыру қажеттілігі.
24 маусымда Венесуэлада араға 39 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жойқын жер сілкінісі тіркелді. БҰҰ Даму бағдарламасының бағалауынша, экономикалық шығын шамамен 6,7 миллиард долларды құрады. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Мазмұнға өту
