Categories Әлем

Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 млн адам зардап шекті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Халықаралық көші-қон ұйымының бағалауынша, Венесуэлада болған қуатты жер сілкінісінің салдары 6,7 миллионнан астам адамға әсер еткен. Олардың қатарында ел астанасы Каракаста тұратын 2 миллионға жуық тұрғын бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісі 24 маусым күні кешке тіркелді. Мамандар магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жерасты дүмпуін тіркеген. Одан кейін 200-ден астам афтершок болған.

Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 1,4 мыңнан асып, 3,2 мыңнан астам адам жарақат алған. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Португалия мен Колумбия тең ойнап, плей-оффқа жолдама алды

Португалия мен Колумбия құрамалары әлем чемпионатының K тобындағы соңғы матчта 0:0 есебімен тең түсті.

Онкологиялық орталықтардағы ашық есік күнінде 30 адамнан қатерлі ісік анықталды

Онкологиялық орталықтардағы ашық есік күнінде 30 адамнан қатерлі ісік анықталды. Акцияға қатысушылардың арасында 43 обырға…

28 маусымда Алматыда ауа сапасының нашарлауы күтіледі

«Қазгидромет» РМК 28 маусымда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады.