Categories Әлем

Венесуэладағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1450-ге жетті

Сурет: vtv.com.ve

Венесуэлада 24 маусым күні болған екі қуатты жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті. Бұл туралы жексенбі күні елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күн өткен сайын үйінді астынан тірі қалғандарды табу мүмкіндігі азайып барады.

БҰҰ Даму бағдарламасының алдын ала бағалауынша, табиғи апаттың салдарынан материалдық шығын 6,7 миллиард долларды құрады.

Euronews мәліметінше, Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен кейін із-түзсіз жоғалғандар саны 68 мың адамға жеткен.

Бұған дейін қаза тапқандар саны 1430 адамға жеткені хабарланған болатын.

Венесуэлада 24 маусым кешке және 25 маусым таңертең екі рет жойқын жер сілкінісі болып, көп тұрғын үй қирады. Елде төтенше жағдай жарияланып, ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери күштердің бақылауына берілді.

Қазіргі таңда Венесуэла халықаралық ұйымдар мен түрлі мемлекеттердің гуманитарлық көмегін қабылдап жатыр.

Құтқарушылар 11 жастағы баланы үйінді астынан 70 сағаттан кейін аман алып шықты.

Ұқсас жазбалар

NASA Swift телескопын құтқару үшін алғашқы роботты миссияны бастайды

NASA Swift телескопын құтқару үшін алғашқы роботты миссияны бастайды. АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін…

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында 29 содыр жойылды

Пәкістанның қауіпсіздік күштері 28 маусымда Ауғанстанмен шекаралас Хайбер-Пахтунхва провинциясында құрлықтағы арнайы операция өткізіп, 29 содырды…

Қытайда 5,5 балдық жер сілкінісінен кейін жедел әрекет ету режимі енгізілді

Қытайдың сейсмологиялық басқармасы Сычуань провинциясында 5,5 балдық жер сілкінісінен кейін 3-деңгейдегі жедел әрекет ету режимін…