Сурет: Ашық дереккөз
Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы күрт төмендеді. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері мобильді құрылғыларды ұрлау 40%-ға азайған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл нәтиже полицияның арнайы операциялары мен халық арасында жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында қол жеткізілді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, ұрлықтың алдын алуда телефонның IMEI кодын блоктау жүйесі тиімді болды.
«Ұрланған телефондарды іздеу және қайтару жұмыстары жандандырылды. Қазіргі уақытта әрбір ұрлық дерегі бойынша жедел шаралар қабылдануда», — деді ІІМ ресми өкілі.
Қалта ұрлығы да азайған. Мамандар бұл үрдіс сақтық шараларының күшеюімен байланысты дейді. Алайда полиция әлі де сақ болуға шақырады.

