Басты тақырып

Ұлттық ұлан әскерлері Президент Жолдауын тікелей эфирде тамашалады

Сурет: Жайық Пресс

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде тамашалап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әскери бөлімдердің сарбаздары мен офицерлері Президенттің сөзін мұқият тыңдауда. Онда елдің одан әрі дамуының негізгі бағыттары, басым міндеттер мен мемлекетті нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамалар белгіленген.

Әскери қызметшілер үшін Президент Жолдауы Қазақстан дамуының стратегиялық мақсаттары мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерді көрсететін маңызды бағдар болып табылады.

Сөз аяқталған соң «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жеке құраммен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Әскери қызметшілер Жолдаудың негізгі ережелері мен онда көтерілген өзекті мәселелерді талқылайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Көп оқылғандар