Ұлттық құрылтай – мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтып, елдің стратегиялық даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық институт. Құрылтай аясында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық келісім, ұлттық құндылықтарды сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім, мәдениет және жастар саясатына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың басты мақсаты – қоғамды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыру, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын бастамаларды жүзеге асыру екенін атап келеді.
Құрылтайда көтерілген бастамалар бүгінде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарына айналып, заңнамалық және институционалдық өзгерістерге негіз болып отыр. Әсіресе заң мен тәртіп қағидатын нығайту, әділетті қоғам қалыптастыру, отбасы институтын қолдау, ұлттық мәдени мұраны сақтау, жастардың әлеуетін арттыру және азаматтық жауапкершілікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
Ұлттық құрылтай – тек пікір алмасу алаңы ғана емес, нақты ұсыныстардың жүзеге асуына ықпал ететін тиімді қоғамдық механизм. Қоғам өкілдерінің, сарапшылардың, ғылым, білім, мәдениет, бизнес және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен қабылданатын бастамалар еліміздің орнықты дамуына және қоғамдық бірліктің нығаюына қызмет етеді.
Ұлттық құрылтайдың құндылықтары мен онда қабылданған бастамаларды кеңінен насихаттау – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Мазмұнға өту
