Әлем

Үндістандағы тасқыннан 8 адам қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Үндістанның бірнеше аймағында толассыз жаңбыр салдарынан су тасқыны мен көшкін болып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ең қиын жағдай Керала штатында тіркелді. Өзендердің тасуынан жолдар мен дүкендер су астында қалды. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Билік қаза тапқандардың отбасыларына және баспанасыз қалған тұрғындарға көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Көп оқылғандар