Сурет: Egemen Qazaqstan
Үндістан билігі Телеграм мессенджеріне уақытша шектеу енгізді. Бұл шара 22 маусымға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шектеуге ауқымды деректердің таралып кетуі себеп болған. Мессенджерде медициналық жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған Ұлттық біліктілік тестінің жауаптары жарияланып кеткен. Соның салдарынан мамыр айында өткізілген емтихан нәтижелері жойылды.
Үндістанның киберқылмысқа қарсы күрес ұлттық орталығының мәліметінше, бірнеше Telegram-арнаның әкімшілері талапкерлерден емтихан тапсырмаларына қол жеткізу үшін жүздеген мың рупий талап еткен.
Талапкерлерге тест тапсырмаларын қайта тапсыру мүмкіндігі 21 маусымда беріледі. Бұл жолы билік қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды жөн көрген.
Телеграмды бұғаттау туралы шешім ақпараттық технологиялар туралы заң негізінде қабылданды.

