Әлем

Үндістанда найзағай түсіп, 20 адам қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Үндістанның Джаркханд штатында найзағай салдарынан 20 адам қаза тапты. Барлық құрбандар Гиридих округіндегі егіс алқаптарында жұмыс істеп жүрген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, қаза болғандардың барлығы Гиридих округінің тұрғындары. Олар найзағай соққан кезде егіс алқаптарында жұмыс істеп жүрген.

Синоптиктердің болжамынша, мұхиттан соққан күшті жел аймаққа нөсер жауын мен дауыл алып келген. Метеорологтар желдің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін жетуі мүмкін екенін ескертті.

Өткен жылы осы штатта найзағай салдарынан 200-ден астам адам қаза тапқан.

Көп оқылғандар