Сурет: Report
Үндістанның Мумбай қаласында көшкін жүріп, 7 адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Опырылған топырақ бірнеше тұрғын үйді басып қалған. Муниципалдық билік өкілдерінің мәліметінше, қаза болғандардың арасында бір отбасының төрт мүшесі, оның ішінде екі бала бар.
Оңтүстік Азияда маусымнан қыркүйекке дейін жалғасатын муссон жаңбырлары жыл сайын ауқымды табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға себеп болады. Әсіресе Үндістан мен Пәкістанда нөсер жауын салдарынан су тасқыны, көшкін және басқа да табиғи апаттар жиі тіркеледі.
Айта кетейік, Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Чунцин қалалық округіне қарасты Пэншуй уезінде ірі жер көшкіні болды. Таудан опырылып түскен алып жер массасы тау етегіндегі тұрғын ауданға құлап, 10-нан астам тұрғын үйді толықтай қиратты.
Сондай-ақ Ауғанстанның бірнеше провинциясында нөсер жаңбырдан кейін болған табиғи апаттан 5 адам қаза тапты.
Мазмұнға өту
