Сурет: Kazakh Tourism Development
Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсім үстінде. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Талғат Ғазизов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, Алматы тау кластерінің әлеуеті зор. Ол халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығына айналуы мүмкін.
«Біздің мақсатымыз – Қазақстанды әлемдік туристік картада таныту. Ол үшін инфрақұрылымды жетілдіріп, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет», – деді Талғат Ғазизов.

