Сурет: Aikyn.kz
Түркияда күшті жер сілкісі тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, дүмпу күші 5 балға жуықтаған. Әзірге қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы хабар жоқ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкісінің дәл қай аймақта болғаны әлі нақтыланбады. Жергілікті билік жағдайды бақылап, қосымша ақпарат таратпақ.
Түркия табиғи апаттарға жиі ұшырайтын аймақ саналады. Биылғы ақпандағы жойқын зілзаладан кейін елде сейсмикалық белсенділік басылмай тұр.
Мамандар халықты сақ болуға шақырып, дүмпу қайталануы мүмкін екенін ескертеді.

