Әлем

Түркияда 18 жастағы Қазақстан азаматы жол апатынан қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Түркияда жұмыс істеп жүрген 18 жастағы Қазақстан азаматы жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 15 маусымда болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бойжеткен өндірістік тәжірибеден өтіп, қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, оқиға болған түні оның денсаулығы нашарлап, танысы ауруханаға алып бара жатқан кезде жол апаты болған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның отбасына қажетті консулдық көмек көрсетіп, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті елге жеткізуге жәрдемдескенін мәлімдеді.

Көп оқылғандар