Сурет: Bild
Түркияның Фетхие қаласы маңындағы теңіз аймағында бортында 115 жолаушысы бар кеме өртке оранды. Жолаушылар арасында әйелдер мен балалар да болған. Өрт кеме ішінде тез тарай бастағанда, адамдар құтқару кеудешелерін киіп, суға секірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Барлық жолаушы аман қалды. Жағалау күзеті мен жақын маңдағы қайықтар адамдарды жағаға жеткізді. Екі турист түтіннен уланып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді, ал бірнеше баланы медицина қызметкерлері тексерді. Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандар жоқ.
Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, «Император Атила» кемесі Эгей теңізіндегі Катранджы шығанағы маңында өртенген. Алдын ала болжам бойынша, өрт кеменің асханасынан шыққан. Билік тергеу бастап, қатты зақымданған кеменің бұдан былай серуендеуге жарамсыз екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Индонезияда жолаушылар паромы өртеніп, бортында 271 адам болған. Еске салайық, кеше Алматының Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесіндегі қойма ғимаратынан өрт шыққан еді.
Мазмұнға өту
