Әлем

Трамп Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялайтынын мәлімдеді

Сурет: АР

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ормуз бұғазын Америка Құрама Штаттарының аумағы деп жариялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Америкалық көшбасшы бұл туралы Нью-Йорк штатында сөйлеген сөзінде айтты.

«Иран қазір жеңіліске ұшырап жатыр. Біз түпкілікті жеңген кезде, көп ұзамай Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялаймын», — деді Трамп.

Айта кетейік, Дональд Трамп НАТО саммитінен кейін Түркиядан Ұлыбританияға ұшқан президент ұшағын не себепті жасырын ауыстырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, мұндай шешімді АҚШ Құпия қызметі мен әскери құрылымдар қабылдаған.

Бұған дейін The Intercept америкалық басылымы мен Freedom of the Press Foundation (FPF) коммерциялық емес ұйымы АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы сотқа жүгінді. Олар Truth Social желісіндегі президенттің жазбаларына өзгелерден бұрын қол жеткізуге мүмкіндік беретін ақылы Truth API сервисінің жұмысын тоқтатуды талап етті.

Көп оқылғандар