Сурет: istockphoto.com
АҚШ президенті Дональд Трамп бала туу арқылы азаматтық алу тәртібін қатаңдататын жаңа жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ережелерге сәйкес, АҚШ-қа қарсы елдердің азаматтары, террористік ұйымдармен байланысы бар адамдар, сондай-ақ шетелдік лоббистер мен дипломаттардың балалары енді автоматты түрде американдық азаматтық ала алмайды.
Екінші құжат Мемлекеттік департамент пен Ішкі қауіпсіздік министрлігіне «туу туризмімен» күресті күшейтуді тапсырады. Егер шетелдік азамат бала туу үшін арнайы келді деген күдік туындаса, оның визасы жойылып, АҚШ-қа өмір бойы кіруге тыйым салынуы мүмкін.
Айта кетейік, Трамп бұған дейін де туу арқылы азаматтық алу құқығын шектеуге тырысқан. Алайда бұл әрекет АҚШ Конституциясының 14-түзетуіне қайшы келеді деп, Жоғарғы сот тоқтатқан еді.
Сонымен қатар, Трамп жақында студенттер мен журналистерге арналған виза талаптарын да күшейткен.
Мазмұнға өту
