Сурет: Ақорда
Түркияға ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы келген кезде Құрмет қарауылы сап түзді. Президент кортежін сарайға салт атты гвардия бастап жүрді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды.
Көшбасшылар Құрмет қарауылы алдынан жүріп өтіп, ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды. Кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Мазмұнға өту
