Басты тақырып

Тоқаев ЮНЕСКО-ның бұрынғы басшысын «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулеге «Қожа Ахмет Ясауи» орденін табыстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Одрэ Азуленің ЮНЕСКО-ны басқарған жылдарындағы еңбегін жоғары бағалады. Ол әлемдік білім, ғылым және мәдениет саласына қосқан үлесі үшін марапатталды.

«Сіздің қызметіңіз – халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі», – деді Тоқаев.

Одрэ Азуле 2017-2024 жылдары ЮНЕСКО Бас директоры болды. Ол кезінде Қазақстанның мәдени мұрасын қорғауға да елеулі үлес қосқан.

Көп оқылғандар