Басты тақырып

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады

Сурет: Ақорда

28-30 қазан аралығында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен атбасын тірейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Анкарада екі мемлекет басшысы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізбек. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдағанын еске сала кетейік. Кездесу барысында Жоғарғы сот төрағасы биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Көп оқылғандар