Тоқаев түркі елдеріне ортақ жасанды интеллект желісін құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының бірыңғай желісін құруды ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының пікірінше, мұндай желі түркі әлемінің цифрлық трансформациясын жеделдетіп, ортақ технологиялық кеңістік қалыптастырады.

«Біздің мақсатымыз – жасанды интеллект саласындағы әлеуетті біріктіріп, бәсекеге қабілетті ортақ жобаларды іске асыру», – деді Тоқаев.

Саммитте түркі мемлекеттерінің көшбасшылары ұсынысты қолдап, алдағы уақытта нақты қадамдарды талқылауға уағдаласты.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев: Түпкі мақсатымыз – азаматтарына мүлтіксіз қызмет ететін озық цифрлық мемлекет құру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы оқу жылында Жасанды интеллект университеті ашылатынын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл…

Президент Цифрлық Қазақстанды құрудың негізгі алғышартын атады

Мемлекет басшысы жаңа Конституция азаматтардың киберкеңістіктегі дербес деректерін қорғауға кепілдік беретінін атап өтті.

Президент: алдағы екі жылда 200-ден астам өндіріс орны іске қосылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында алдағы екі жылда елімізде 200-ден астам жаңа…