Сурет: Egemen Qazaqstan
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы партия мүшелерінің жақында өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешіміне ризашылығын білдірді.
Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.

