Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық үшін Түркия Президентіне алғыс білдіріп, әріптесі мен түрік халқын Республика күні мерекесімен құттықтады.
Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін жеткізді.
Президенттер мәңгі достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік негізінде екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар басшылар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мазмұнға өту
