Басты тақырып

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Сурет: Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, оны және бүкіл түрік халқын Республика күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуде тараптар мәңгі достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік негізінде екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту перспективаларына ерекше көңіл бөлінді. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Көп оқылғандар