Басты тақырып

Тоқаев пен Ердоған: Бауырластық пен ынтымақтастықтың жаңа белесі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған кездесуінде екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынас нығая түсетінін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Тоқаев тарихи бауырластықты келешек ұрпаққа аманат етіп, сан-салалы қарым-қатынасты одан әрі дамыту керектігін атап өтті.

Тарихы терең бауырластығымызды келешек ұрпаққа аманат етіп, сан-салалы қарым-қатынасымызды нығайта береміз, — деді Тоқаев.

Ердоған болса, келіссөздер барысында экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық жан-жақты талқыланғанын жеткізді. Тараптар ортақ жобалар мен инвестициялық бағыттарды дамытуға уағдаласты.

Көп оқылғандар