Тоқаев Кения президентімен келіссөз жүргізді: негізгі мәселелер не туралы?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кения Президенті Уильям Рутомен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Тоқаев Кения басшысына іскер топтардан құралған делегациямен келгені үшін алғыс айтты. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

«Сіздің сапарыңыз – екі ел арасындағы байланыстың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Келіссөздерде сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ерекше назар аударылды. Кения президенті Қазақстанмен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…