Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға шақыруды қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Екі ел басшылары кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Тоқаев Түркиямен достық қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.
«Біздің ынтымақтастығымыз стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Ердоған мырзаның сапары осы байланысты одан әрі нығайтады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сапар аясында бірқатар құжатқа қол қойылған. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға баса назар аударылды.

