Сурет: aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силваны ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қазақстанның Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Ол бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтар игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Тоқаев Лула да Силваға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.
