Басты тақырып

Тоқаев бизнес форумда: Кәсіпкерлерге жағдай жасау – басты басымдық

Қазақстан мен Түркия арасындағы бизнес форумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін айтты.

, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Форумда екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағы талқыланды. Президент бизнесті дамыту үшін жасалып жатқан нақты қадамдарды атап өтті.

Біз кәсіпкерлердің алдында тұрған кедергілерді жоюға, салық жүйесін жеңілдетуге және инвестиция тартуға басымдық береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын, жаңа бірлескен жобалардың іске асырылып жатқанын жеткізді.

Көп оқылғандар