Categories Жайық news

Тоқаев әскердегі сарбаздардың қазасына байланысты Бас прокурорға тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде қаза болған жас сарбаздардың ата-аналарынан түскен арыз-шағымдарды қарауды Бас прокурорға жүктеді. Мемлекет басшысы тергеу барысында заң нормаларының толық сақталуын қадағалауды міндеттеді.

Тапсырма бойынша Бас прокуратура 12 күн ішінде барлық арыздарды қарастырып, нақты шешім шығару керек. Бұл шара әскердегі оқиғаларға байланысты қоғамда туындаған алаңдаушылықты ескере отырып қабылданды.

Сарбаздардың ата-аналары мен қоғам белсенділері әділ тергеу жүргізуді талап етіп, кінәлілердің жазалануы қажет екенін бірнеше рет айтып келген. Енді іс бойынша жауапкершілік Бас прокуратура мен әскери органдардың бақылауына өтеді.

Сурет: Ақорда

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…