Саясат

Тойдан — сайлау учаскесіне!  

Теректі ауданының Жаңа Өмір ауылында шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлар — Әбуғали Кенен Қонақбайұлы мен Қайыржанова Ару Құрманғазықызы қуанышты күнінде азаматтық жауапкершілігін де ұмыт қалдырмады.

Жаңа өмірге қадам басқан жас отбасы той күні №389 сайлау учаскесіне арнайы келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады.

Бүгін — олар үшін қос мереке. Бірі — отбасы құрып, жаңа өмір бастау болса, екіншісі — ел болашағына өз үлесін қосып, азаматтық таңдауын білдіру.

Жас жұбайларға бақытты ғұмыр, баянды отбасы және жарқын болашақ тілейміз!

Көп оқылғандар