Қоғам

Төрт жыл бойы халықаралық іздеуде болған алаяқ Түркиядан депортацияланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

30 жастағы Қазақстан азаматы Анталия қаласынан елге депортацияланды. Ол 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктіні ұстау операциясын Солтүстік Қазақстан облысы криминалдық полициясының қызметкерлері мен ІІМ жедел қызметкерлері Қазақстанның Түркиядағы Бас консулдығының қолдауымен жүргізген.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2021 жылы қылмыстық топ құрамында азаматтарды алдап, 6 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген. Ол 16 шілде күні Қазақстанға жеткізілді.

Көп оқылғандар