Categories Әлем

ТМД елдері әскери ынтымақтастықты нығайту құжаттарына қол қойды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің отырысына Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан әскери ведомстволарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Пленарлық отырыс алдында әскери делегациялар басшылары екіжақты кездесулер өткізді. Қатысушылар «Отан қорғаушылар» алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Отырыста әлемдегі және Орталық Азия өңіріндегі әскери-саяси ахуал, көпжақты әскери ынтымақтастықты дамыту және Достастық елдерінің қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтың айтуынша, Қазақстан әскер құрылымын дамытудағы тәжірибесімен және әскердің жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерімен бөлісті.

Кездесуде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, әскери авиация ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Сондай-ақ жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техниканы қолданудың заманауи тәжірибесін зерделеу жайы сөз болды. Қатысушылар әскери зымырандар мен артиллерияны жауынгерлік қолдану, нысандар мен аумақтарды минадан тазарту міндеттеріне ерекше назар аударды.

– Әскери саладағы ынтымақтастығымыздың деңгейі тұрақты түрде кеңейіп келеді. Бұл ұлттық қарулы күштердің әлеуетін нығайтуға және Достастық мемлекеттерінің қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге ықпал етеді, – деп қорытындылады сөзін генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.

Кездесу қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы генерал-лейтенант Юрий Дашкин Достастық кеңістігіндегі әскери өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ынтымақтастық қарулы күштер арасындағы үйлестіруді күшейтуге және өңірлік қауіпсіздікті сақтауға бағытталған.

Іс-шара соңында тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі келісімдерді бекітетін қорытынды құжаттарға қол қойды.

Ұқсас жазбалар

Грекия реставраторлары Парфенонның батыс қасбетін қалпына келтірді

Грекия реставраторлары Парфенонның батыс фронтонын қалпына келтіріп, екі ғасырдан кейін алғаш рет толық көрініске қол…

АҚШ-тың бұрынғы президенттері Чикагодағы Обама орталығын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенттері Чикагодағы Обама орталығын ашты. Барак Обама демократияны қорғауға шақырды. Салтанатқа Байден, Буш…

АҚШ пен Иран 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келуі мүмкін

Axios басылымы АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның мәтінін жариялады.