Categories Жайық news

«Тамырымыз бір»: Тоқаев Моңғолия президентімен Астанада маңызды келіссөз өткізді

Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи байланыстың тереңдігіне тоқталып, Моңғолияның соңғы жылдардағы жетістіктерін жоғары бағалады.

– Біз – тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз, көшпенді халықтардың ұрпағымыз. Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Халықтарымыздың өмір салты, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Қазір де осы мәңгі құндылықтарды арқау етіп келеміз. Бүгінде ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік рухында дамуда. Құрметті Президент мырза, Сіз екіжақты қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосып келесіз. Қажырлы еңбегіңіздің арқасында Моңғолияда көптеген оң өзгеріс болып жатыр. Былтыр еліңіздің экономикасы 6,8 пайызға өсті. Бұл Сіздің салиқалы басшылығыңыздың жемісі екені сөзсіз. Моңғолияда мемлекетті дамытуға арналған «Vision-2050» кешенді жоспары қолға алынғанын білеміз. Сондай-ақ Қарақорым атты жаңа қала салуды бастап кеттіңіздер. Біз бауырлас елдің барлық жетістігіне қуанамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніне қуанышты екенін айтып, Тоқаевтың екі жыл бұрынғы сапарының тарихи маңызын атап өтті.

– Араға жиырма жыл салып Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніме қуаныштымын. Сіздің осыдан екі жыл бұрын біздің елімізге жасаған мемлекеттік сапарыңыз моңғол-қазақ қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерді. Бұл уақиға екіжақты байланыстар тарихына алтын әріппен жазылатыны сөзсіз. Құрметті Президент мырза, Сіздің көреген, парасатты және жоғары кәсіби басшылығыңыздың арқасында Қазақстан экономикалық және әлеуметтік салаларды дамытуда айтарлықтай табысқа жетті. Бүгін де бірқатар маңызды құжаттар қабылданады, – деді Моңғолия Президенті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда мүгедектер арбасы мен протездерді тарату ережесі өзгереді: Енді олар жалға беріледі

Қазақстанда мүгедектер арбасы мен протездерді беру тәртібі өзгереді. Еңбек министрлігі оңалту құралдарын енді біржола емес,…

Алматы Мұхтар Шахановпен қоштасып жатыр: Ақын Арыстан баб кесенесінің жанына жерленеді

Алматыда көрнекті ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Марқұмның денесі Түркістан…

Қазақстанда «Алтын белгі» бағасы шарықтап кетті: Бір медаль құны 27 мың теңгеден асты

Биыл "Алтын белгі" төсбелгісін жасауға 231,3 млн теңге бөлінді. Бір медальдың бағасы 27 695 теңгеге…