Татарстанда өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырап, пилот қаза тапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Татарстан тұрғыны өз қолымен жасаған ұшақ алғашқы сынақ ұшуы кезінде апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыш оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Қазан қаласы маңындағы Арск ауданы, Қазанбаш ауылының жанында болған. Татарстан бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының мәліметінше, қолдан жасалған жеңіл моторлы ұшақ құлаған. Ұшақты басқарған пилот оқиға орнында қаза тапқан.

Ведомство дерегінше, марқұм 57 жаста болған. Ол авиация әуесқойы ретінде ұшақты өз бетінше жобалап, құрастырған.

Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр. Оқиғаға байланысты Татарстан көлік прокуратурасы тексеру жұмыстарын бастаған.

РЕН ТВ мәліметінше, апатқа ұшыраған әуе кемесі ресми тіркеуден өтпеген. Жеңіл моторлы ұшақ Қазанбаш ауылындағы шағын жеке аэродромда құрастырылған. Ұшақты тіркеу үшін жақын күндері арнайы комиссия келуі тиіс болған. Алайда оның келуін күтпеген әуе кемесінің авторы рұқсатсыз ұшуға шыққан. Соның салдары қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған.

Ұқсас жазбалар

Жерде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды

Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер…

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мың жас сапқа тұрды

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштері 21 мыңнан астам азаматпен толықты. Жастарға арналған…