Categories Әлем

Швейцариядағы аптап ыстық мұздықтардың еруін жеделдетті

Сурет: Report

Еуропадағы аптап ыстықтың салдарынан Швейцариядағы мұздықтарда қар әдеттегіден бірнеше апта бұрын еріп кетті. Бұл туралы елдің зерттеушілері хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бақылау жүргізілетін нүктелердің бірінде екі аптаға созылған экстремалды ыстық кезінде мұз қабатының қалыңдығы шамамен 1,5 метрге азайған.

Ғалымдардың айтуынша, маусымдағы аптап кезеңінде Швейцариядағы мұздықтардан еріген судың көлемі соншалық, онымен әр 6 секунд сайын бір олимпиадалық бассейнді толтыруға болатын еді.

Швейцариядағы мұздықтардың жай-күйін бақылау бағдарламасының жетекшісі Маттиас Хусс мұздықтардың белсенді еритін кезеңі тағы шамамен үш айға созылатынын айтты. Оның сөзінше, осы уақыт ішінде жүздеген жыл бойы қалыптасқан мұз қабаттары еріп кетуі мүмкін.

«Мұздықтардың жағдайы жылдың осы кезеңінде өте алаңдатарлық», деп атап өтті ол.

Айта кетейік, аптап ыстық дүниежүзінің көп аумағына әсер етіп жатыр. Нью-Йорк қаласында ауа райының күрт ысуына байланысты асфальт еріп кеткен.

Ұқсас жазбалар

Италия жағажайында өлі акула демалушыларды үркітті

Италия жағажайында ұзындығы 4,5 метрлік өлі акула табылып, демалушыларды шошытты. Акула ешкімге қауіп төндіре алмады,…

Астана әуе бағыттарын кеңейтіп, халықаралық хабқа айналуда

Биыл Қазақстан халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейтуге басымдық беріп отыр. Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей…

Mercedes-Benz-тің 33 мыңнан астам қызметкері жаппай наразылық акциясына шықты

Германияда Mercedes-Benz автоконцернінің ондаған мың қызметкері компанияның жаңа шығындарды қысқарту бағдарламасына қарсы наразылық акцияларына шықты.