Categories Әлем

Пәкістандағы шабуылдан төрт қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Сурет: versiya.info

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында жағалау күзетінің бақылау-өткізу бекетіне жасалған шабуылдан төрт қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, тағы 16 адам жараланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Шабуыл жұма күні жергілікті уақытпен сағат 18:40-та болған. Жарылғыш зат тиелген жүк көлігі Гвадар округінің Дживани қаласындағы бекетке соғылған. Қуатты жарылыс салдарынан бекет ғимараты қирап, Пәкістан жағалау күзетінің үш қызметкері мен бір әскери қызметкер оқиға орнында қаза тапты.

Жараланған 16 қауіпсіздік қызметкерінің сегізі әскери, қалғаны жағалау күзетінің қызметкері. Олардың бірнешеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Ұқсас жазбалар

Конгода Эбола вирусын жұқтырғандар саны 1500-ге жетті

Конго Демократиялық Республикасында зертханалық расталған Эбола безгегімен ауыратындар саны бір тәулікте 42 адамға көбейіп, 1502-ге…

Швейцариядағы аптап ыстық мұздықтардың еруін жеделдетті

Еуропадағы аптап ыстықтың салдарынан Швейцариядағы мұздықтарда қар әдеттегіден бірнеше апта бұрын еріп кетті.

Италия жағажайында өлі акула демалушыларды үркітті

Италия жағажайында ұзындығы 4,5 метрлік өлі акула табылып, демалушыларды шошытты. Акула ешкімге қауіп төндіре алмады,…