Categories Жайық news

СҚО-да жаңа өрт сөндіру бекетінің қасында үй жанып кетті: Құтқарушылар 45 шақырым жерден келген

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылғанына бір ай болса да, жергілікті тұрғынның үйі толық жанып кетті. Құтқарушылар оқиға орнына 45 шақырым жердегі облыс орталығынан жетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылында болған. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бір ай бұрын осы елді мекенде өрт сөндіру пункті салтанатты түрде ашылған.

Алайда тұрғын үйден өрт шыққан кезде бұл бекеттен ешқандай көмек болмаған. Өрт сөндіру тобы 45 шақырымдық қашықтықты шамамен бір сағатта еңсеріп келген. Олар жеткенше, баспанадан күл ғана қалған.

Қоғам белсенділері жаңадан құрылған өрт сөндіру бөлімшесінің іс жүзінде жұмыс істемейтінін, тек қағаз жүзінде ғана бар екенін айтып дабыл қағуда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…