Сурет: Aikyn.kz
SpaceX компаниясының АҚШ қор нарығына шығуы Уолл-стрит тарихындағы ең ірі IPO болуы мүмкін. Бұл Илон Маскты триллионерге айналдырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Компания зымыран өндірісімен, Starlink спутниктік интернетімен және басқа да жобалармен айналысады. Сарапшылардың пікірінше, IPO бағасы рекордтық деңгейге жетеді.
Бұл – ғарыш индустриясы үшін тарихи сәт, – дейді экономист Нұрлан Серікқалиев. – SpaceX акцияларына сұраныс өте жоғары болады деп күтеміз.
Масктың қазіргі байлығы 200 миллиард доллардан асады. IPO-дан кейін оның күні 1 триллион доллардан асуы мүмкін. Бұл әлемдегі ең бай адам атануына жол ашады.
SpaceX әзірге IPO күнін ресми түрде жариялаған жоқ. Бірақ талдаушылар компания 2025 жылдың соңына дейін биржаға шығады деп болжайды.

