Сурет: Egemen Qazaqstan
Сингапур үкіметі туу көрсеткішін арттыру үшін кең ауқымды қолдау бағдарламасын бастады. Бұл бағдарлама аясында әр балаға 17 жасқа дейін шамамен 70 мың сингапур доллары (55 мың АҚШ доллары) тікелей қаржылай көмек ретінде беріледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, балабақша мен бала күтіміне субсидиялар қарастырылып, ата-аналарға демалыс мерзімі ұзартылады. Нәресте туылғанда 7,9 мың доллар бонус төленеді, ал мемлекеттік тұрғын үй алуда жеңілдіктер жасалады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Өткен жылы Сингапурда туу коэффициенті рекордтық төмен деңгейге — 0,87-ге түсті. Халық санын тұрақты ұстау үшін бұл көрсеткіш шамамен 2,1 болуы тиіс.
Алайда сарапшылар қаржылай ынталандыру ғана туу көрсеткішін арттыруға жеткіліксіз болуы мүмкін деп есептейді. Жастар жоғары бәсекелестік, білім жүйесіндегі қысым және еңбек мәдениеті сияқты факторларды негізгі кедергілер ретінде атайды.
Сауалнамаға қатысқандардың шамамен үштен бірі ұсынылған шаралардың ешқайсысы олардың балалы болу ниетіне әсер етпейтінін мәлімдеді.
Мазмұнға өту
