Сурет: СІМ
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі биылғы 17 және 19 шілдеде Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының инфрақұрылымы арқылы мұнай тасымалдауға қатысқан азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарының жасаған шабуылдарын қатаң айыптайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәлімдемесінде бұл шабуылдар Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қол сұғу және халықаралық сауда мен энергетикалық нарықтарды тұрақсыздандыру әрекеті ретінде бағаланады.
СІМ атап өткендей, Қара теңізге КҚК терминалдарына мұнай тиеу үшін кіретін кемелер туралы ақпарат алмасу тетігі әдейі ескерілмеген, бұл экипаждардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндірді.
Қазақстан шабуылдарды дереу тоқтатуды және көмірсутек экспорты инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талап етеді. Серіктес мемлекеттерді шабуылдарды айыптауға және бірлескен шаралар әзірлеуге шақырады.
Қазіргі уақытта Қазақстан келтірілген залалды бағалап жатыр және халықаралық құқық аясында өтемақы талап ету құқығын сақтайды.
Мазмұнға өту
