Сурет: Синьхуа
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Фуцзянь провинциясындағы аяқ киім фабрикасында болған өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синьхуа мәліметінше, Си Цзиньпин оқиғаның себептерін тез анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етті. Ол жыл басынан бері болған ірі өндірістік апаттарды еске салып, өңірлер мен ведомстволарды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.
Қытай премьері Ли Цян жергілікті билікке өндірістік қауіпсіздік тәуекелдерін тексеруді тапсырды. Өрт салдарынан қаза тапқандар саны 28 адамға жетті. Төтенше жағдайлар министрлігі Цзиньцзянға арнайы жұмыс тобын жіберді.
Мазмұнға өту
